Ұн шығару бойынша бірінші орындағы облыста бидай неге тапшы?

22 Маусым 2022, 16:35
1306
Бөлісу:
Ұн шығару бойынша бірінші орындағы облыста бидай неге тапшы?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты.   

Көктемгі егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін облысымыздағы бидайдың жетіспеушілігі – жыл сайын қайталанып тұратын мәселе. Өйткені көктемгі егіс жұмыстары жүргізілгеннен кейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өздерінің бидайларының қалғанын шетелге экспортқа немесе басқа облыстардағы мекемелерге сатып жібереді. Сондай қиындық бар, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Архимед Мұхамбетов өз сөзінде облыста 45 диірменнің барын, Қостанай облысы ұн шығару бойынша бірінші орында тұрғанын айтып өтті. Бірақ нарыққа араласа алмайтынын және 45 диірменнің біреуі 70 пайыз, біреуі 50 пайыз, біреуі 100 пайыз қуаттылығынан шығып тұрғанын мәлімдеді.    

Қазір бізде 6000 тонна бидай бар. Оның 4000 тоннасынан астамына І сұрыпты ұн шығарып, әлеуметтік нанның бағасын бидай дайын болғанға дейін, яғни тамыз айына дейін көтермейміз. Облыс бойынша 500 грамдық І сұрыпты бидайдан жасалатын нанның орташа бағасы – 90 теңге. Оны көтеруге жол бермейміз, - деді ол. 

Айта кету керек, облыс әкімі бөліскен мәлімет бойынша қазір Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде 260 мың тоннадан астам бидай бар. 1 тоннасын 180 мың теңге шамасында бағалайды.   

Өзгелердің жаңалығы