Умраға рұқсат берілді

2 Қараша 2020, 21:35
2248
Бөлісу:
Умраға рұқсат берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясы шет елдіктерге кіші қажылық - умра қажылығын өтеуге рұқсат берді. 

Азаттықтың қырғыз редакциясының мәліметіне қарағанда, осы жылдың ақпан айынан бастап Сауд Арабиясы коронавирус індетін байланысты Мекке және Медина қалаларына шетел азаматтарының умра және үлкен қажылықты өтеуіне шектеу қойған болатын.

1 қарашадан бастап 20 мыңдай мұсылманған Меккедегі үлкен мешітке кіруге рұқсат берілді. Сауд Арабиясына келген әрбір шетел азаматы үш күн оңашаланып, мешітке кірер алдында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, құлшылық амалдарын жасауы керек.

Әзірге 108 мемлекеттің азаматтарына кіруге рұқсат берілді. 

Өткен айда Сауд Арабия билігі өз азаматтарына ғана кіші қажылық өтеуге рұқсат берген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, пандемия басталғалы бері бұл елде 347 мыңдай адам коронавирус жұқтырып, 5 мыңнан астам адам көз жұмған болатын.

Өзгелердің жаңалығы