Ұлытау облысында аурухана бухгалтерлері бюджет қаражатын жымқырған

1 Желтоқсан 2023, 20:48
560
Бөлісу:
Ұлытау облысында аурухана бухгалтерлері бюджет қаражатын жымқырған
Фото: Ұлытау облысының прокуратурасы

Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасымен Жәйрем кентінің ауруханасында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады.

Осы медициналық мекеменің «Б» және «T» бухгалтерлері 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға («өлі жандар» деп аталатындарға) 5,1 млн теңгені заңсыз аударған.

Әрі қарай жымқырылған қаражатты аталған бухгалтерлер өз пайдаларына иемденген.

Бұл факт бойынша прокуратурамен Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қаражал қалалық сотының үкімімен (заңды күшіне енді) Жәйрем кенті ауруханасының бухгалтерлері кінәлі деп танылып, оларға бас бостандығын шектеу түріндегі жазалар тағайындалды (2 жыл және 3 жыл 6 ай мерзімге).

Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу қозғалып, мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдануда

Өзгелердің жаңалығы