Ұлықбек Есдәулет: Бірлік, ынтымақ – қоғамның алғышарты

5 Қаңтар 2022, 12:50
1625
Бөлісу:
Ұлықбек Есдәулет: Бірлік, ынтымақ – қоғамның алғышарты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет халықты арандатушыларға ермей, сабыр сақтауға, тәуелсіздікті қастерлеуге шақырды.

Белгілі ақын билік салқынқандылық танытуы керек екенін, ал жұрт арандатушыларға ермеуі керек екенін айтты.

Ақын-жазушылар қашаннан халықтың сөзін сөйлейді. Халық азаматтық құқығы бойынша қажеттілігін сұрап отыр. Біз жұрттың арандап қалмауын, арандатушыларға ермеуін, барлық жағдайда сабыр сақтауын сұраймыз. Бірлік, ынтымақ – қоғамның алғышарты. Көлікті өртеу сынды жағдайларға қарасақ, арандатушылар араласып отырған сияқты. Халық бейбіт шеруге шыққанда билік тарапынан асыра сілтеу болмауы керек, салқынқандылық танытуы керек. Халықты түсіне білу керек, талап-тілегін орындау керек. Құқық қорғау органдары бейбіт шеру кезінде халықпен жұмыс істеуді үйренуі керек. Билікті де, халықты да сабыр сақтауға шақырамын. Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін бағалай білейік. Өзімізді өзіміз сыйлайық. Өз халқымызға оқ атпайық, керісінше, оларды қолдап, қорғауымыз керек, – деп пікір білдірді ол.  

Өзгелердің жаңалығы