Ұлықбек Есдәулет: Әділетті мемлекет боламыз десек, әділ заң орнатуымыз керек

19 Наурыз 2023, 10:59
1083
Бөлісу:
Ұлықбек Есдәулет: Әділетті мемлекет боламыз десек, әділ заң орнатуымыз керек
Фото: Алматы қаласының Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет те бүгінгі саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының айтуынша, елімізді жаңарту, әділетті Қазақстан құру, әділ қоғам құру – оңай шаруа емес. Оның бір басы әрине, заңдарға келіп тіреледі. Сондықтан Парламентте отыратұғын ертеңгі заң қабылдаушы тұлғалар жан-жақты білімді, зиялы және еліне-жеріне, халқына жаны ашитынтұғын адам болуы керек. 

Біз бүгінгі сайлауда Парламентке дәл сондай тұлғаларды, ел мұң-мұқтажын көре білетін, айта білетін және заң жүзінде іске асыра алатын адамдарды таңдау үшін өз даусымызды бердік. Сайлау учаскесіне келгендегі ойым осындай болды. Біздің келешегіміз, ұрпақтарымыздың жақсы өмір сүруі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы – бәрі де осы біздің заңымызға байланысты. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей біз әділетті мемлекет боламыз десек, әділ заң орнатуымыз керек. Спортта «топжарғандар жеңсін» деп айтады ғой, мұнда да  біздің үміт артқан азаматтар халық қалаулылары болуына тілектеспін, – дейді Есдәулет.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 602 сайлау учаскесі бар. 1,2 млн алматылық дауыс беру құқығын пайдалана алады.

Өзгелердің жаңалығы