«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті

21 Қазан 2022, 18:14
2260
Бөлісу:
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті
Фото: автордан

Петропавлда Респулика күні мерекесіне орай «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум ұйымдастырылды. Жиында мемлекеттік тіл төңірегіндегі түйіткілді мәселелер мен оны дамыту тетіктері қарыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ-тің Солтүстік Қазақстандағы тілшісі. 

Форум – депутаттар,  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері мен этномәдени бірлестік мүшелері және қазақ тілі пәні мұғалімдерінің басын қосты. Тіл жанашырлары Ел тұтастығы идеясын ұсынды. 

«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті

 

Тіл тұтастығы – бүтін елдің тұтастығы. Сондықтан бұл мәселеге Қазақстанда тұрып жатқан әрбір азамат өз үлесін қосуы керек. Бүгінгі шара да еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған. Форумға қатысушылар өз тәжірибесімен бөліседі. Ассмблея тарапынан да тілді дамытуға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Мысал ретінде «Мың бала»  жобасын, этномәдени бірлестіктер жанындағы кешкі мектептеде ашылған қазақ тілін оқытуға арналған  топтарды атап өтуге болады.  Сонымен қатар 2021-ші жылдан Қоғамдық келісім ұйымының бастамасымен «Қазақстан этностарының ертегілері» атты жоба жүзеге асуда. Кітаптар жарыққа шығып, ютуб желісінде роликтер жаряиалды. Мақсаты – тілі енді шығып келе жатқан балаларды қазақ тілінде сөйлеуге баулу, - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ директоры Қазыбек Майгелдинов.

«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті

Бұл форум соңғы 3 жылда тұрақты түрде  ұйымдастырылып келеді. Жиынның Қызылжар топырағында өтуі алғаш рет. 

«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті

Бүгінгі форум проблеманы толықтай шешеді деу қиын. Мұндай жиында срапшылардың  көтеретін идеясы маңызды. Мәселен, оңтүстік өңірге барсақ, тіл тазалығын сөз етсек, солтүстікте жалпы тіл мәселесін айтамыз. Бірнеше жылдан бері осындай шаралардың басы-қасында жүрмін. Үнемі айтылатын проблемалар көтеріледі. Саралап қарасам, бір орында тұрған сияқты көрінеміз. Дегенмен, көшеге шығатын болсақ, қоғамдағы жағдайларды бағамдасақ, олай емес екенін байқаймыз.  Өйткені көптеген ата-аналар балаларының қазақ тілін білгенін қалайды. Өйткені ол уақыт талабы. Өз тағдырын Қазақстанмен байланыстырғысы келетіндер тіл меңгеруге мән береді, - дейді халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин.

«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті

Жиында елімізде мемлекеттік тілді дамыту бағытында атқарылып жатқан шаралар да айтылды. Мәселен, қазақ тілінде білім беретін мектептер саны жыл сайы көбейіп келеді. Тегін тіл курстарына қатысушылар қараты артқан. 3 күн бойы өтетін форум аясында өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеру тәжірибесімен де бөліседі. 

«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Петропавлда республикалық форум өтті
Өзгелердің жаңалығы