Ұлттық төлем жүйелері арқылы минут сайын 5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді

30 Қазан 2019, 20:15
1499
Бөлісу:
Ұлттық төлем жүйелері арқылы минут сайын 5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 9 айда Қазақстан Ұлттық банкінің төлем жүйелері арқылы 597,2 трлн теңге сомаға 30,6 млн транзакция жүргізілді. 

Бұл ретте күн сайын ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,3 трлн теңгеге 167,7 мың төлем жүргізіледі, яғни минут сайын операциялық күндері 5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді.

"Тұтастай алғанда, 2019 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің (банкаралық ақша аудару жүйесі және банкаралық клиринг жүйесі) жұмыс істеу коэффициенті 99,99%-ды құрады. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асады және төлем жүйелері жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды", - деп хабарлады Ұлттық банктің Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның төлем нарығында барлығы 17 төлем жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде операторы Ұлттық Банк болып табылатын ұлттық төлем жүйелері және ақша аударымдары жүйелері және төлем карточкалары жүйелері жататын жеке төлем жүйелері.

 

 

Өзгелердің жаңалығы