Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқандарға сот үкімі шықты

25 Мамыр 2024, 11:12
350
Бөлісу:
Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқандарға сот үкімі шықты

Сәуір айында Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсысы 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айыру үкіміне кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК-нің мәліметінше, олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылып отыр.

Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды. Соған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы