Ұлттық тестілеу орталығы қайта құрылады

12 Қаңтар 2024, 12:30
2274
Бөлісу:
Ұлттық тестілеу орталығы қайта құрылады
Фото: BAQ.KZ - архив

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны болып қайта ұйымдастырылсын, - делінген құжатта.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобасы шеңберінде қазыналық кәсіпорындар сияқты заңды тұлғаның мұндай нысаны заңнамадан шығарылады деп күтілуде.

Осыған байланысты ҰЭМ барлық қазыналық кәсіпорындарды мемлекеттік мекемелерге айналдыруды ұсынады.

Сонымен қатар, заңды тұлғаның бұл нысаны Орталық үшін қолайлы емес және білім беру саласындағы әлеуметтік маңызды міндеттерді орындау үшін еңсерілмейтін кедергілер туғызады.

«Мемлекеттік мүлік туралы» заңның 160-бабының 1-тармағына сәйкес, егер қосымша қаржыландыру көзі заңда белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметін тиісті саланың уәкілетті органы бюджеттен қаржыландырады.

Сонымен қатар, Орталықтың кірісіне түсетін 4,044 млрд теңгенің 1,732 млрд теңгесі немесе 43 пайызы ҰБТ, Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу, Докторантураға түсу емтихандары оның ішінде шет тілі ҚАЗТЕСТ бойынша ақылы қызметтер көрсету, есебінен бюджеттен тыс қаражаттан түседі. Бұл қаражаттың барлығы азаматтардың 300 мыңнан астам жеке тестілеуін қамти отырып, бүкіл ел бойынша тест тапсырмаларын әзірлеуге, жоғарыда аталған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығыстарды толығымен төлеуге жұмсалады.

Бұл қызметтер Орталықты қаржыландырудың қосымша көзі ретінде заңдарда көзделмеген.

Орталық мемлекеттік мекеме болып қайта ұйымдастырылған жағдайда аталған іс-шараларды өткізу мүмкіндігі болмайды.

Осыған байланысты тестілеудің әртүрлі түрлерін өткізу бойынша әлеуметтік маңызды міндеттерді орындау үшін Орталықты қазыналық кәсіпорыннан ШЖҚ РМК-ға ауыстыру қажет.

Құжат 25 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін НҚА сайтында орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы