Ұлттық спорт ойындарының орталығы ашылды

1 Қараша 2023, 19:10
485
Бөлісу:
Ұлттық спорт ойындарының орталығы ашылды
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысында Ұлттық спорт ойындарының орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы Көкпекті ауданында Ұлттық спорт ойындары орталығы ашылды. Бұл игі шара жергілікті тұрғындардың ұсынысының арқасында жүзеге асты. 

Орталықтың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында ұлттық спорт түрлері мен ойындарын насихаттау және сапасын арттыру. 

Сондай-ақ спорттық іс-шаралар мен турнирлерді ұйымдастыру, жас спорт дарындарын анықтауға мүмкіндік береді. 

Бүгінде Ұлттық спорт ойындары орталығында бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге алу, садақ ату, асық ату сынды түрлі үйірме жұмыс істейді. 

Орталықтың салтанатты ашылуы аясында «Толағай» атты ұлттық ойындардың облыстық фестивалі өтті. Бұл фестивальде көкпар, топ бәйге, аламан бәйгеден командалық жарыс ұйымдастырылды. 

Өзгелердің жаңалығы