Ұлттық спорт күні. Павлодарлық мектептерде қалай дамуда

20 Наурыз 2024, 17:57
367
Бөлісу:
Ұлттық спорт күні. Павлодарлық мектептерде қалай дамуда
Фото: BAQ.KZ -архив

Ертіс өңірінің мектептерінде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары білім беру ошақтарында жаңа үйірмелер ашылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Облыс орталығындағы мектептерде «Асық ату», «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ», «Бес асық» және «Садақ ату» түрлері бойынша тегін үйірмелер жұмыс істейді. Бұл секцияларға екі мыңнан астам бала барып, ұлттық спорт түрлерін меңгеруде.

«Асық ату» Павлодар қаласындағы мектептердің барлығында дерлік бар. Оған мыңға жуық оқушы қатысып жүр. Ал «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ» үйырмелері 40-тан астам білім беру ошағындар жұмыс істейді. Асық ату үйірмелері әзірге алты мектепте бар. Ұлттық ойынға 130-дан астам бала қызығушылық танытты, - дейді облыстық білім беру басқармасының өкілі Александр Вервекин.

Мамандардың айтуынша, «Садақ ату» түрі - жаңа бағыт. Үйірмелер биылғы оқу жылында ашылып, алғашқы жарыстар өткізілген.

«Садақ ату» үйірмесін ашуға «Тәуекел» әкелер кеңесінің өкілдері мұрындық болған.

«Қазақ күресі» секцияларында жүздеген ұл-қыз барып жүр. Олардың ішінде республикалық турнирде қола жүлдеге қол жеткізгендер бар.

Ұлттық спорт түрлерін балалардың бойына сіңіруге балабақша ұйымдары атсалысуда. Павлодар қаласында үш мектепке дейінгі білім беру мекемесінде асық-терапия кабинеттері ашылды. Балғындар асық ату ойынын ойнауға үйреніп жүр. Мақсат – олардың қызығушылықтарын ояту. Себебі, бұл ойын спорт қана емес, білім берудің заманауи талаптары негізіндегі дидактикалық үстел ойыны саналады, - дейді Александр Вервекин.

Айта кетейік, өңірде асық ату федерациясы үш жыл бұрын құрылған. Бүгінде асық ойынының екі түрі, яғни, бес табан мен бес асық бойынша жарыстар өткізіліп жүр.

Өзгелердің жаңалығы