Ұлттық құрама олимпиадалық іріктеу турнирінде 5-орынға тұрақтады

23 Қараша 2023, 16:28
538
Бөлісу:
Ұлттық құрама олимпиадалық іріктеу турнирінде 5-орынға тұрақтады
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Жапонияның Осака қаласында регби 7-ден сары құрлықтың Олимпиадаға іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер арасында 8, әйелдер арасында 7 құрама Париж ойындарына берілетін лицензияның иегерін анықтады.

Қазақстан әйелдер құрамасы D тобындағы алғашқы жарыс күні Таиландтан (0-22), сосын жарыс қожайыны Жапониядан жеңілсе (0-43), ертесіне Гуам (52-0) мен Үндістан құрамасынан (39-0) басым түсті. Осылайша, Ұлттық құрама бұл бәсекені 5-орында аяқтады.

Ал ерлер мен әйелдер арасында Олимпиада жолдамасы Жапонияға бұйырды.

Өзгелердің жаңалығы