Ұлттық қордың көлемі өсуде

17 Сәуір 2023, 17:02
961
Бөлісу:
Ұлттық қордың көлемі өсуде
Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық қорының (ҚР ҰҚ) көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 160,8 млрд теңгеге яғни 4,1%-ке өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізінен, қаражаттың ұлғаюы мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салық түсімдерінің өсуімен, сондай-ақ республикалық бюджетке трансферттердің төмендеуімен байланысты болды. Осылайша, салық түсімдерінің көлемі 1 197,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 147,3 млрд теңгеге немесе 14%-ке артық. 

Қаражаттың ұлғаюы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтан түсетін түсімдердің 273,8 млрд теңгеге (2 еседен астам) өсуі есебінен қамтамасыз етілді. 

Келісімшарттар бойынша өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі есебінен түсімдер 87,8 млрд теңгеге дейін төмендеді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130,2 млрдтеңгеге немесе 60%-ке аз. 

Жоғарыда айтылғандай, 2023 жылғы қаңтар-ақпанда ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке трансферттер төмендеген. Осылайша, 2023 жылдың алғашқы екі айында кепілдендірілген трансферт көлемі 621 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 364 млрд теңгеге яғни 37%-ке аз, - делінген хабарламада.

Алайда нысаналы трансферт 7 есеге ұлғайып, 360,6 млрд теңгені құрады. 

Осылайша, 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық қорының қаражаты 29 392 млрд теңгені құрады және жыл басынан бері қаражат көлемі 256 млрд теңгеге өсті. 

ҚР Ұлттық қоры қаражатының өсуі мұнай бағасының төмендеуі, сондай-ақ ұлттық валютаның нығаюы кезеңінде өтті. Осыған қарамастан, теңге бағамының әлсіреуі және ОПЕК-тің мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қатысты шешімі ағымдағы жылы ҚР Ұлттық қорына түсімдердің одан әрі ұлғаюына әсер етуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы