Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері ұлғаяды

20 Сәуір 2022, 10:36
1439
Бөлісу:
Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері ұлғаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Тимур Жақсылықов заң жобасын түсіндірді.

Заң жобасында Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 трлн 30 млрд теңгеге дейін ұлғайту қарастырылып отыр. Қаражат Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету шеңберінде республикалық бюджеттің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталады, - деп атап өтті Тимур Жақсылықов.

Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық қордың нысаналы көрсеткіштері фискалдық шектеулер шегінде сақталады. 

Өзгелердің жаңалығы