Ұлттық қордан балаларға берілетін ақшаны туыстары ала ала ма?

18 Қазан 2023, 12:30
1129
Бөлісу:
Ұлттық қордан балаларға берілетін ақшаны туыстары ала ала ма?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер бала 18 жасқа дейін қайтыс болып кетсе, Ұлттық қордан оған берілетін төлемді оның ата-анасы немесе бауырлары алуы мүмкін бе? Осы мәселеге қатысты министр былай деп жауап берді.

Оның айтуынша, мұндай жағдай болса, қаражатты Ұлттық қорға қайтару жоспарланған.

Бастапқыда біз тұжырымдаманы әзірлегенде ақшаны (Ұлттық қорға) қайтаруға қатысты нұсқалардың бірі қарастырылған норма болды. Одан соң ақша ата-анасында қалады немесе сол отбасындағы басқа балалардың арасында бөлінеді деп шештік, - деп түсіндірді ведомство басшысы Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол бұл қаржыны қолданудың тәртібіне тоқталды.

Бұл – баланың ақшасы және кәмелет жасқа толған соң ол оны өзі қолдануға құқылы. Бірақ тек тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе оқуға ғана ала алады, - деді Әлібек Қуантыров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілісте Ұлттық қордан балаларға қаражат беруге қатысты заңды қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы