Ұлттық қорда қанша ақша бар

16 Тамыз 2023, 14:15
4958
Бөлісу:
Ұлттық қорда қанша ақша бар
Фото: Арман Мухатов - архив

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин еліміздің Ұлттық қорында қанша қаржы бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тутушкиннің мәліметіне қарағанда, халықаралық резервтер шілде айының соңында 94,4 млрд долларға жеткен.

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері шілде айында 34,2 млрд долларға дейін 0,8%-ға төмендеді. Ұлттық қордың активтері 60,2 млрд долларға дейін 0,7%-ға ұлғайды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2,4 трлн теңгеге трансферттер бөлу үшін жыл басынан бастап Ұлттық қордың 4,1 млрд долларға валюталық активтері сатылды. Қорға жыл басынан бастап түскен жиынтық қаражат - 2,7 трлн теңге, - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 

Сондай-ақ Тутушкин Ұлттық банк сыртқы және ішкі нарықтардағы жағдайдың даму барысын қадағалап, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және инфляцияны одан әрі төмендетуге бағытталған тиісті шараларды қабылдауды жалғастыратынын айтады.

Еске салайық, кеше үкімет отырысында Ұлттық банк елдегі инфляцияның төмендеп, теңгенің нығайғанын мәлімдеген болатын. 

Сонымен қатар бүгін елімізде доллар, еуро және рубль бағамы өзгерді. 

Өзгелердің жаңалығы