Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар қызметкері лауазымдарынан босатылды

16 Қыркүйек 2024, 09:23
1820
Бөлісу:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар қызметкері лауазымдарынан босатылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Мемлекет басшысының өкімдерімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар қызметкері лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды; 
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы