Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа құзырет берілуі мүмкін

7 Сәуір 2023, 07:13
1339
Бөлісу:
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа құзырет берілуі мүмкін
Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Президент Жарлығының жобасында жазылған, деп хабарайды BAQ.KZ.

Мәлім болғандай, енді ведомствоға мына функциялар беріледі:

- ұлттық қауіпсіздік органдардың дағдарысты жағдайлар, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше, әскери жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында іс-қимыл жасауға дайындығын қамтамасыз ету;

- еңбек қарым-қатынастарын реттеу саласында еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтерін әзірлеу және бекіту;

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құқық бұзушылықты профилактикалау шараларын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- жергілікті атқарушы органдармен әзірленетін облыс аумағында, астана және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;

- дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабарлама үшін сыйақы төлеу ережелерін әзірлеу және бекіту;

- Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің отбасылық-мүлiктік жағдайын тексеру актісінің үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;

- ұлттық қауіпсіздік органдарын көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту.

Жарлық жобасы ережеге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес редакциялық өзгерістерді енгізуді қарастырады. Оны іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат талап етілмейді және ол теріс әлеуметтік және экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды, - деп түсіндірме берілген Президен Жарлығына.

Құжат 20 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Мемлекет басшысына жолданады.

Өзгелердің жаңалығы