Ұлттық палата «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай сервисін әзірлеп шықты – Мырзахметов

10 Ақпан 2022, 12:21
1193
Бөлісу:
Ұлттық палата «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай сервисін әзірлеп шықты – Мырзахметов

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов цифрлық экожүйе және «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай сервисінің тұжырымдамасын таныстырды.

Мырзахметов соңғы кездері «Атамекен» палатасының болашағы, оны реформалау жөнінде ой-пікір алмасу болып жатқанын айта келе, бұл бағытта жұмыс тобын құрғандарын жеткізді.

Оған 90-нан астам әріптестеріміз, кәсіпкерлер, олардың салалық, жергілікті қауымдастықтары қатысып, қызу талқы жүріп жатыр. Көптеген ойлар, ұсыныстар айтылуда, ол жұмыс жалғаса береді. Алдағы уақытта өзіміздің съезімізді өткіземіз, – деді ол.

Сондай-ақ ол соңғы үш жылдан бері «Атамекеннің» болашағы қалай болу керек, кәсіпкерлермен мемлекеттің қарым-қатынасы қалай болу керек, оның ішінде кәсіпкер мен мемлекет арасында қатынаста «Атамекеннің» рөлі қандай болу керек? Шағын кәсіпкерлер орта бизнеске қалай өсе алады? Орта бизнес ірі бизнеске қалай өседі? Керекті ақпаратты, оның ішінде ыңғайлы, қарапайым түрдегі мәліметті қайдан ала алады? Мұның бәрін кәсіпкерге қалай ыңғайлы етеміз деген тұрғыда жұмыс жасағандарын айтты.

Соңғы екі жылда осыған арнап арнайы жоба құрдық. Бұл қарапайым тілмен айтқанда цифрлық жүйеге көшу. Қазір ауылда болсын, қалада болсын халықтың қолында смартфон бар. Көптеген мемлекеттік қызметті сол телефон арқылы алып жатырмыз. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтер мен көмектер бар. Яғни «Даму қоры, бұрынғы ҚазАгро бар. 30-ға жуық квази мемлекеттік опеартор бар екен. Олар 200-ге жуық әртүрлі көмек көрсетеді. Осының бәрін кәсіпкер біле ме? Ол түсінікті ме? Қайдан және қалай алады? Әсіресе шағын және микро кәсіпкерлер оны жетік білмейді. Президент Үкімет отырсында еліміздегі кәсіпкерлердің 90 пайызы шағын және микро екенін айтып кетті. Әсіресе ауылдық жердегі кәсіпкерлерге қолдау көрсету жағын тапсырды. Біз оны толығымен қолдаймыз, біздің айтып отырған цифрлық жоба соған жауап береді, – деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, ұлттық палата әзіргене телефон қосымшасы арқылы кәсіпкер бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік органдардан алатын 360 қызметке қол жеткізе алады, одан бөлек 30 оператордың қандай көмегі барын көре алады, «Атамекеннің» барлық қызметін және одан басқа шағын банктердің, ірі дүкендердің ақпаратын алады алады.

Бұл ақпараттың барлығы «Атамекеннің» сарапшыларымен ыңғайлы етіп беріледі. Яғни, 6 кабинет болады. Шағын бизнес, ауыл фермерлеріне, ірі бизнеске дегендей бәріне жекелей қарастырылады. Одан бөлек енді бизнес ашсам деп ойланып жүргендер үшін, бірақ тиісті ақпарат жетіспей жатқандарға арнайы кабинет ашылады. Біздің жобаны 29 желтоқсанда үкімет бекітті. Енді сьез бұны қолдаса осы жылдың 1 сәуірінен бастап бұл экожүйені іске қосуға дайынбыз. Ол бірінші тоқсанда пилоттық режимде жүреді, жылдың ортасынна бастап толығымен жүріп жылдың аяғында 1 миллионнан астам шағын және микро бизнеске қызмет көрсетеді, – деді Абылай Мырзахметов. 
 

Өзгелердің жаңалығы