Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас ассамблеясы өтті

27 Қыркүйек 2024, 15:43
401
Бөлісу:
Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас ассамблеясы өтті
Фото: olympic.kz

Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс жиыны өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан ҰОК басқарушы органының отырысына Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР спорт және туризм вице-министрі Серік Жарасбаев, сондай-ақ, олимпиадалық спорт түрлері бойынша 31 Ұлттық спорттық федерациялардың өкілдері қатысты.

Геннадий Головкин спортшылардың Париж Олимпиадасындағы жетістіктеріне тоқталып, жарыс циклінің әлі де жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін келесі жазғы ойындарға дайындықты қазірден бастау керектігіне назар аударды.

Бас Ассамблеяның күн тәртібінде қаралған сұрақтардың бірі – жаңа бас хатшыны сайлау. Геннадий Головкин Әлімжан Ақаевтың кандидатурасын ұсынып, ұсынысты қатысушылар бірауыздан бекітті.

Бас Ассамблея мүшелеріне маған сенім артып, мен ұсынған кандидатты қолдағаны үшін алғыс айтамын. Әлімжан Ақаевты жаңа қызметке сайлануымен құттықтаймын. Оның жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен білімі алға қойылған мақсаттарға жетуге көмектесеріне сенемін, - деді Геннадий Головкин.

Өзгелердің жаңалығы