Ұлттық кеңес жиынында салық заңнамасы мен бюджеттік жүйені жетілдіру мәселелері қарастырылды

4 Қазан 2019, 18:31
1966
Бөлісу:
Ұлттық кеңес жиынында салық заңнамасы мен бюджеттік жүйені жетілдіру мәселелері қарастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақордада Ұлттық кеңестің мүшелері айтқан ұсыныстардың экономикалық блогын қарастыру бойынша жиналыс өтті, деп хабарлады  ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин. 

Жиналысты Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов жүргізді. 

Талқылауға Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Есеп комитеті мен Салық комитетінің, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП және Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Ұлттық кеңестің экономикалық тобынан пікірталасқа Мұхтар Тайжан, Ораз Жандосов, Арманжан Байтасов, Қаирбек Арыстанбеков, Бағдат Мусин және Азаматхан Әміртаев қатысты. 

"Жиналыс барысында салық заңнамасы мен бюджеттік жүйені жетілдіру мәселелері қарастырылды. Жиналыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға көптеген сұрақ тудыратын мәселелерді пысықтап Президент Әкімшілігіне ұсыныстар енгізу тапсырылды", - деп хабарлады Ерлан Қарин. 

Келесі жиналыс қазанның 11-де экономикалық блогтың басқа да ұсыныстары жөнінде өтеді.

Өзгелердің жаңалығы