Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы тағайындалды

3 Мамыр 2023, 20:55
989
Бөлісу:
Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы тағайындалды

«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басқарма төрағасы болып Гүлнара Өтепергенқызы Құлқаева тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гүлнара Құлқаева 1969 жылы туған. 1994 жылы Астрахань мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша дәрігер біліктілігімен, 2009 жылы Нагой университетінде (Жапония) магистратураны (Graduate Medical School of Nagoya University) «Денсаулық сақтауды басқару» мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы - Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2015 ж. - Almaty Management University (Халықаралық бизнес академиясы) «Іскерлік әкімшілендіру, іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Өзгелердің жаңалығы