Ұлттық ғы­лым академиясының жаңа мәр­тебесі ғылымды жоғары сатыға көтереді

23 Қараша 2023, 09:00
1481
Бөлісу:
Ұлттық ғы­лым академиясының жаңа мәр­тебесі ғылымды жоғары сатыға көтереді
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

«Жаңарған Қазақстан» бағдарламасының арнайы репортажының кезекті саны «ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясына» арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент жарлығымен Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебенің берілуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтегі басым бағыттарын арттырмақ. Сондай-ақ стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындап, тиісті ұсыныстар әзірленбек.

Осылайша, Ұлттық академия еліміздегі ең жоғары ғылыми орталыққа айналады.

Мемлекет басшысы қатар­дағы қоғамдық ұйымдар­дың біріне айналып кеткен академияны мемлекеттік мәртебеге көтерді. Бұдан былай ұлттық ғы­лым мен академияның бар­лық мәселесі Президенттің тіке­лей қадағалауымен жүзеге асатын болады.

Зиялы қауым мен ғалым­дардың көкейкесті мәселелерін жүзеге асыруды бұдан былай ел Президенті тікелей өзі қадағалайды. Демек, әрбір ғылы­ми ұсыныс нәтижелі нақты шешімін табады.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы