Ұлттық банк Қазақстанда не қымбаттап, не арзандағанын айтты

25 Тамыз 2023, 13:04
893
Бөлісу:
Ұлттық банк Қазақстанда не қымбаттап, не арзандағанын айтты
Фото: автордан

Инфляция 5 ай қатарынан төмендеп келеді. Бұл жайында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның мәлімдеуінше, шілдеде жылдық инфляция –14,0% ал азық-түлік инфляциясы 13,5%-ға дейін баяулады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі 15,0%-ға дейін баяулады. Жанар-жағармай бағасының көтерілуінен болған жанама әсердің қарқыны бұрын күткенімізден де баяу болғанын көріп отырмыз. Бұл теңге бағамының динамикасымен ішінара теңестірілді. Қызметтер бағасының өсуі 13,6%-ға дейін қарқын алды. Ал тұрғын үй коммуналдық қызметі тарифтері шілде айында тек кей өңірлерде ғана өсті. Баға өсімінің қарқыны реттелетін қызметтерде ғана емес, реттелмейтін қызметтерде байқалды, – деді Ғалымжан Пірматов Ұлттық банкте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бүгін Ұлттық Банк Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы