Ұлттық банк қаржы нарығын дамыту бойынша сарапшылардың болжамын жариялай бастады

26 Тамыз 2022, 15:10
1288
Бөлісу:
Ұлттық банк қаржы нарығын дамыту бойынша сарапшылардың болжамын жариялай бастады
Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк жариялаған макроэкономикалық сауаланамада реттеушінің емес, қаржы нарығына қатысушылардың болжамдары мен пікірлері қамтылып отыр.Ұлттық банк макроэкономикалық сауалнама жариялады, деп хабарлайды Baq.kz реттеушінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауалнаманы қолға алудағы мақсат – Ұлттық банк пен нарықтағы кәсіби қатысушылар арасындағы байланысты бір ізге түсіру. Онда ішкі және әлемдік нарықтардағы ахуалдың даму барысы туралы тәуелсіз пікірлер, кәсіби нарық қатысушыларының бағалаулары мен күтулерінен тұратын шолу берілген. Сауалнамаға Қазақстандағы макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, болжаумен айналысатын 11 ұйым қатысты.

Респонденттердің арасында нарықтың кәсіби қатысушылары, ғылыми-зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ рейтингтік агенттіктер бар. Тізім болашақта кеңеюі мүмкін. Айта кету керек, макроэкономикалық шолуға Ұлттық банктің болжамдары енгізілмеген, - деді реттеуші.

Жалпы, сауалнама Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша шешімдері қабылдананар алдында жылына кемінде 4 рет жүйелі түрде жүргізіліп, реттеушінің сайтында жарияланады деп жоспарланған. 

Бұдан әрі респонденттердің болжамы бойынша деректердің жинақталуына қарай жарияланымдағы ақпарат толықтырылып отырады. Сондай-ақ, Ақша-кредит саясаты туралы баяндама жарияланғаннан кейін алғышарттар мен болжамдарды талқылау үшін сауалнамаға қатысушылармен кездесу өткізу жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы