Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сатуға шығарды

27 Наурыз 2023, 16:32
953
Бөлісу:
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сатуға шығарды
Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк Street art. BATYR BEINESI, FIFA WORLD CUP QATAR 2022, SALIÝT-1 коллекциялық монеталарды сатуға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылғы 28 наурыздан бастап https://kazcoins.nationalbank.kz/kz ҚҰБ интернет-дүкені арқылы Street art. BATYR BEINESI, FIFA WORLD CUP QATAR 2022, SALIÝT-1 коллекциялық монеталардың сатуға шығарылатынын хабарлайды.

«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» сериясынан Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монетасы. Сынамасы 925/1000 күміс монетасы түрлі түсті баспа технологиясы қолдана отырып дайындалған. Массасы 31,1 грамм, мөлшері 30х45 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 5 000 дана.

Street art. BATYR BEINESI монеталарының бейнесі

Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сатуға шығарды

«Спорт» монеталар сериясымен шыққан FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған. 925/1000 сынамасы бар күміс монеталардың массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 100 теңгелік, Қазақстанның ішкі нарығына а

Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сатуға шығарды

рналған саны – 3 650 дана.

FIFA WORLD CUP QATAR 2022 монеталарының бейнесі

Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сатуға шығарды

Номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан SALIÝT-1 монеталарының бейнесі

Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сатуға шығарды

«Ғарыш» монеталар сериясымен шыққан SALIÝT-1 коллекциялық монеталары нейзильбер қоспасынан (МН 15-20) тұрады. Массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 100 000 дана.

Өзгелердің жаңалығы