Ұлттық банк: Kaspi.kz пен Halyk Bank интернетсіз істейді

7 Қаңтар 2022, 17:39
2146
Бөлісу:
Ұлттық банк: Kaspi.kz пен Halyk Bank интернетсіз істейді
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий банк пен Халық банктің мобильді қосымшалары интернетсіз істейді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау барысында Қазақстанның Ұлттық банкі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізді, - делінген хабарламада.

Оған сәйкес, еліміздегі ірі банктердің - Halyk Bank (Homebank қосымшасы) пен Kaspi.kz клиенттері мобильді қосымшаларды интернетке кірмей-ақ қолдана алады. Ол үшін мобильді байланыс болуы шарт. Соның ішінде, Алматы қаласының тұрғындарына да банк қосымшалары қолжетімді.

Тұрғындар әдеттегілей қосымша арқылы есеп айырысып, мобильді төлемдер және басқа да қажетті операциялар жүргізе алады.

Қазіргі уақытта басқа да екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік бұған дейн каспий банктің мобильді қосымшасы іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы