Kaspi.kz іске қосылды

7 Қаңтар 2022, 11:05
1053
Бөлісу:
Kaspi.kz іске қосылды
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Kaspi.kz мобильді қосымшасы іске қосылды.

Шамамен 30 минут бұрын Kaspi.kz мобильді қосымшасы қайта іске қосылды. Енді қазақстандықтар қажетті операцияларды орындай алады.

Кеше Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе клиенттеріне үндеу жасаған болатын.

Kaspi.kz мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр. Кейбір облыстардың тұрғындары байланыс болмағандықтан қосымшаны аша алмай отыр. Байланыс қалпына келтірілгеннен кейін сіз біздің барлық қызметтерді шектеусіз пайдалана аласыз, - деген болатын ол.

Ол атап өткендей, Ұлттық банк шешіміне сәйкес барлық банктің филиалдарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Шара қаржы институттары қызметкерлерінің және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында қабылданды.

Біздің бірнеше филиалдарымызға шабуыл жасалды. Филиалдар жабылды, ақша жоқ. Тонаушылар витриналар мен жабдықтарды сындырды, бірақ біз оны тез арада қалпына келтіреміз. Ең бастысы, қызметкерлер мен тұтынушылардың ешқайсысы зардап шекпеді, - деп атап өтті Михаил Ломтадзе.

Айта кетейік, салымшылардың жинақтары қауіпсіз жерде сақталған.

Өзгелердің жаңалығы