Ұлттық банк: 74 кандидат кадрлық резервке алынды

24 Наурыз 2023, 13:37
789
Бөлісу:
Ұлттық банк: 74 кандидат кадрлық резервке алынды
Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

Ұлттық Банктің кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлттық банкі ҚРҰБ кадр резервіне алынған кандидаттардың тізімін бекітті.  

Іріктеу кезінде барлығы 417 ізденушінің түйіндемесі мен эссесі қаралды. Іріктеудің қорытындысы бойынша 74 кандидат кадрлық резервке алынды.

Үміткерлерді іріктеу кезінде олардың біліміне, жоғары біліктілік деңгейіне, жұмыс тәжірибесі мен халықаралық деңгейдегі кәсіби сертификаттарының болуына мән берілді. Тиісті Ережеге сәйкес, резервке алынғандар жыл ішінде Ұлттық Банктегі бос орындарға жұмысқа алынуы мүмкін, - делінген банк баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы