Ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй құрылысына 14 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады   

12 Қазан 2021, 10:20
2158
Бөлісу:
Ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй құрылысына 14 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады    

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады. 

Оның айтуынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы базалық қызметтерге тең қолжетімділікті және еліміздің көліктік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл өңірлер арасындағы қатынасты және өңірлер ішіндегі елді мекендердің бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді.

Осы бағыттарды іске асыру шеңберінде 4 міндет, 20 көрсеткіш және 94 іс-шара көзделген. Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 7,6 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджетте 4 трлн теңгеден астам. Ал жергілікті бюджеттерде 786 млрд теңге қаражат қарастырылған. Бұл қаражат шамамен 2,8 трлн теңге жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді, - деді Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ ұлттық жоба бірнеше бағытты қамтитын көрінеді.

Соның ішінде 13,5 трлн теңге тұрғын үй құрылысына инвестициялар тартылады. 16 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері салынады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Еске сала кететін жайт, бұған дейін елімізде 5 мұнай-газ-химия зауыты пайдалануға берілетіні туралы айтылғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы