Ұлттық банк: Ұлттық қордың активтері қайтарылды
27 Қараша 2021, 10:02 607

Ұлттық банк: Ұлттық қордың активтері қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі Ұлттық қордың шамамен 536 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен тыйым салудың алынғаны туралы және жоғарыда аталған соманың Ұлттық банктің иелік етуіне қайтарылғаны туралы хабарлайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулыны алған болатын, кейіннен ол Бельгияның бірінші сатыдағы сотының қаулысымен расталды. Bank New York Mellon банкінде орналастырылған  Ұлттық қорының 530 миллион доллар сомасындағы активтері 2018 жылғы мамырдан бастап тыйым салуда болды.

2021 жылғы 16 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты Стати тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер туралы қорытынды негізінде төменгі соттың Бельгияның аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімінің күшін толығымен жойды. Қазақстан Ұлттық банкі мен Әділет министрлігінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Ұлттық қордың жоғарыда аталған активтері тыйым салудан босатылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...