Ұлттық қордан бөлінетін қосымша трансферт шектеледі – Мамин

12 Ақпан 2021, 11:34
3669
Бөлісу:
Ұлттық қордан бөлінетін қосымша трансферт шектеледі – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Ұлттық қордан бөлінетін қосымша  трансферт шектелетінін айтты.

Жол картасының үшінші бағыты экономика мен өңірлерді тұрақты дамыту бойынша 117 шара жүзеге асырылады. Тұрақты сапалы экономикалық өсім экономиканы әртараптандыру мен макроэкономикалық саясаттың жүйелілігі, инвестиция тарту, экспортты таргеттік ілгерілендіру  аясында қамтамасыз етіледі. Бюджеттің қаржысы оңтайландырылып, Ұлттық қордан бөлінетін қосымша  трансферт шектеледі, - деді Мамин. 

Ол атағандай, экономиканы әртараптандырудың жаңа тәсілдері аясында 2025 жылы бюджеттің мұнай тапшылығы 6 пайызды, жалпы тапшылық 3 пайызды құрайды. 

Инфляция деңгейін төмендету кезеңмен жүзеге асырылады. 2025 жылы 3-4 пайызды құрауы керек. 2025 жылы жыл сайынғы экономиканың өсімсін 5 пайызға жеткізу қажет. Биыл экономикалық өсім 3 пайыз деңгейінде жүзеге асырылады. Инвестиция тарту бойынша жаңа тетіктер аясында 2025 жылға дейін инвестиция көлемі 30 млрд теңгеге артады, - деді ол. 

Айта кетейік,  Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқлыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы