Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемі 2024 жылы 200 млрд теңгеге азайтылады – Смайылов

24 Тамыз 2021, 10:46
3759
Бөлісу:
Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемі 2024 жылы 200 млрд теңгеге азайтылады – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемі 2024 жылы 200 млрд теңгеге азайтыла отырып тартылатынын айтты.

Оның айтуынша, елдің экономикасының даму болжамы жаһандық факторлар мен ішкі ахуалды ескере отырып қалыптастырылды. 2022-2026 жылдарға арналған макроэкономикалық болжамға сәйкес еліміздің жалпы ішкі өнімінің нақты орташа жылдық өсу қарқыны 4,8%-ды құрайды. Бюджет жобасында кірістердің өсуі экономика өсімінен озық қарқынмен жоспарланды.

Мысалы, жалпы ішкі өнім 2022 жылы номиналды түрде 8,4%-ке өссе, республикалық бюджеттің салық кірістері 29%-ға өседі. Бұл орта мерзімді кезеңде Ұлттық қордан тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемі 2022 жылы 1,6 трлн теңгеге, 2023 жылы 350 млрд теңгеге, 2024 жылы 200 млрд теңгеге азайтыла отырып тартылады, - деді ол.

Премьер-министрдің бірінші орынбасарының сөзінше, бюджет жобасы теңгерімделген. Сондай-ақ Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген жалпыұлттық басымдықтар мен міндеттерге сәйкес келеді.

Барлық әлеуметтік міндеттеме толығымен орындалады. Бұл ретте бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану қажет. Жалпы алғанда Қазақстан экономикасының орта мерзімді кезеңдегі даму перспективалары ұлттық экономиканы нығайтуға, бәсекелестікті дамытуға және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған, - деп айтты ол.

Сөз соңында заң жобасын қолдауды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы