Ұлттық банк ақшада COVID-19-дың болу ықтималдығына қатысты түсініктеме берді
13 Қазан 2020, 10:16 1239

Ұлттық банк ақшада COVID-19-дың болу ықтималдығына қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір деректер бойынша вирус бөлме температурасында заттардың бетінде 28 күнге дейін, басқа деректер бойынша 24 сағатқа дейін сақталады. 

Еуропа Орталық банкінің деректері бойынша банкноттардағы COVID-19 іздері бірнеше сағаттан кейін жоғалады. Біздің пікірімізше, банкноттардағы вирустың «өмір сүру қабілеттілігі» мәселесі дәлірек деректерді айқындау үшін одан әрі зерттеулерді қажет етеді. 

Ұлттық банк әдеттегідей банкноттарды қайтадан айналысқа шығару алдында ақшаны банктік орауға орап, кемінде 14 күн сақтау орнында сақтайды. Осыдан кейін ғана біздің мамандар ақшаны сұрыптауға және санауға кіріседі. Банкноттарда вирустың «өмір сүру» ұзақтығы жөніндегі әр түрлі нұсқалардың болуы ескеріле отырып, алдын алу мақсатында қолма-қол ақша қайта санауға дейін ашылмаған күйі 45 күн бойы сақталады.Сондықтан да Ұлттық банктен айналысқа түсетін банкноттардың бетінде COVID-19-дың болу ықтималдығы шамалы, - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ және инкассаторлық ұйымдар банкоматтар мен кассалық техниканы зарарсыздандыруды жүргізеді.
Біздің ұсынымдарымызға сай екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ және инкассаторлық ұйымдар банкоматтар мен кассалық техниканы зарарсыздандыруды жүргізеді. Өз тарапымыздан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің ресми ұсынымдарын, сондай-ақ барлық уақытта қолданылатын гигиена ережелерін сақтау, жеке қорғану құралдарын пайдалану және басқалар сияқты орынды кеңестерді басшылыққа алуды ұсынамыз, - делінген хабарламада. 

 




Фото: дереккөз
Загрузка...