Ұлттық банк. Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды

21 Қаңтар 2021, 11:20
1887
Бөлісу:
Ұлттық банк. Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес Ұлттық банкте Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды.

ҚРҰБ мәліметінше, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес құрылды. Бұл комитет Ұлттық банктің басқармасымен және директорлар кеңесімен қоса жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерден тұратын үшінші орган болады.
Ақша-кредит саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу және Ұлттық банк басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді, - делінген хабарламада.

Орта мерзімді перспективада комитет құрамына макроэкономика мен ақша-кредит саясатында мамандандырылған және мол тәжірибесі бар тәуелсіз мүшелер алынады.

Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің құрылуы инфляцияға бағытталған елдердің үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді және ақша-кредит саясаты шешімдерінің тиімділігі мен ашықтығын арттырады.


Өзгелердің жаңалығы