Үлкен жолдарда жылдамдыққа шектеу енгізілді

26 Тамыз 2023, 07:46
864
Бөлісу:
Үлкен жолдарда жылдамдыққа шектеу енгізілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар күре жолдарда рұқсат етілген жылдамдықты еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

- I-а санатты автожолдарда рұқсат етілген жылдамдық сағатына 140 шақырымнан аспайды.

- I-б санатты жолдарда сағатына 110 шақырымнан аспайды.

- II және III санатты жолдарда рұқсат етілген жылдамдық 100 шқ/сағ (егер басқа шектеулер болмаса).

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ордерге сәйкес арнайы жол белгілері қарастырылған.

Жол қозғалысы ережелерімен мына сілтемеде егжей-тегжейлі таныса аласыз.

Жылдамдық режимін жол қозғалысы ережелері реттейді. Белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру үлкен қауіп тудырады.

«Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін асырмауға және қауіпті маневрлер жасаумауға шақырамыз» деп ескертеді компаниядан.

Өзгелердің жаңалығы