Үлкен жауапкершілікті көтере алмады: Ибраимов Абылайхан Жүсіповтің өнеріне баға берді

29 Шілде 2021, 17:27
3455
Бөлісу:
Үлкен жауапкершілікті көтере алмады: Ибраимов Абылайхан Жүсіповтің өнеріне баға берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары, АИБА Халықаралық Федерациясы комиссиясының мүшесі Ермахан Ибраимов айтты.

Абылайхан Жүсіпов пандемияға қарамастан Олимпиада ойындарын бір жыл бойы күтті. Бұл - психологиялық тұрғыдан өте ауыр. 69 келі салмақ – қазақтың салмағы. Бірінші орын алу парыз сияқты болып қалды. Меніңше, осындай үлкен жауапкершілікті жас боксшы Абылайхан көтере алмады. Мен ойынын көрдім. Өте сылбыр жұдырықтасты. Алдыңғы қолмен жұмыс істеу, соққы жасау, арақашықтықты сезіну мүлде болмады. Тек төбелесе берді, төбелесе берді, - дейді Ибраимов.

Ол соның салдарынан Абылайхан Жүсіповтің америкалық боксшыдан жеңіліп қалғанын айтты.

Ибраимов ең басты себеп үлкен жауапкершілікті көтере алмауында дейді.

Өзгелердің жаңалығы