Үлкен Алматы көлі маңында Аустралия азаматы жоғалып кетті

23 Мамыр 2023, 12:30
887
Бөлісу:
Үлкен Алматы көлі маңында Аустралия азаматы жоғалып кетті
Фото: Артём Чурсинов

Алматылық құтқарушылар Үлкен Алматы көлі маңында жоғалған Аустралия азаматын іздестіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 22 мамыр күні сағат 22.25-те Республикалық жедел-құтқару жасағы, 109 құтқару қызметінің құтқарушылары мен «Доброспас» еріктілері Бостандық ауданындағы Үлкен Алматы көлі маңында жоғалып кеткен (таулы аймақ) 1995 жылы туған Аустралия азаматын іздеуге жіберілді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Хабарлама Алматы қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығы кезекшісінен түсті. Сағат 21.05-те хостельден шыққан ер адам алдын ала мәлімет бойынша Үлкен Алматы көлі бағытында шығып, қайта оралмаған. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, қаланың барлық жедел қызметтері тартылып, дрон іске қосылды, - деп хабарлады ТЖД -да.

Еріктілер Instagram -да 21 мамыр күні Herd Jake Michael есімді Аустралияның азаматы Қазыбек би, 66 мекенжайында орналасқан хостельден шығып, Үлкен Алматы көліне кеткенін жазды.

Өзгелердің жаңалығы