Үлескерлер Нұр-Сұлтан әкіміне тұрғын үйдің іргетасы да қаланбағанын айтып шағымданды

9 Тамыз 2019, 10:25
2750
Бөлісу:
Үлескерлер Нұр-Сұлтан әкіміне тұрғын үйдің іргетасы да қаланбағанын айтып шағымданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Магистральный-3" үлестік құрылыс объектісіне барды. Объект 2015 жылы проблемалық нысан деп танылды. Үлескерлердің жалпы саны – 96 адам. 

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір ғимараттың орнында – су толтырылған қазаншұңқыр. Тереңдігі 3 метрге жетеді. 

"Ішіне балалар құлап кетеді деген үрей бар. Біз әрқашан қазаншұңқырды кептіруге тырысамыз, бірақ осы жазда ақша жинамадық - қаражат болған жоқ", - деді үй үлескерлері. 

Жоба бойынша үй 16 қабатты, бірақ бұрынғы үй құрылысына жауапты адам жобада ешқашан болмаған пәтерлерді сатты. Үйдің рентабельділігі үшін ғимарат 22 қабатты болады. 

"Біз учаске геологиясын жүргіздік, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгіздік", - деп атап өтті пәтер иелері. 

Қала әкімі үйге техникалық тексеру жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Алтай Көлгінов "Магистральный-2" екінші блогының тұрғындарымен кездесті. Үлескерлердің айтуынша, паркингтегі орындар бірнеше рет сатылған. 

"Біз алты жыл осы үйде тұрамыз. Жобалық-сметалық құжаттамасы бар, үй сараптамадан өтті, инженерлік желілер қосылған. Бірақ әлі де проблемалар бар. Өрт қауіпсіздігі мәселелерін шешу, аумақты абаттандыру, үйдің шатыры мен қасбетін нығайту қажет", - деп атап өтті үй тұрғындары. 

db11fa3f6c1ae8a3ee8f160eed617404.jpeg

Алтай Көлгінов әрбір проблемалық үй бойынша жұмыс жеке жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, үйге техникалық тексеру жүргізу, жобалық-сметалық құжаттарға талдау жүргізу қажеттігін айтты. Құрылыс орындарында техникалық қадағалау қызметкерлері болуы тиіс. Қалада барлығы 51 құрылысы аяқталмаған объект бар.

Өзгелердің жаңалығы