Ұлдарға арналған «Ұстаз» мектебінде соңғы қоңырау соғылды

25 Мамыр 2022, 17:45
3878
Бөлісу:
Ұлдарға арналған «Ұстаз» мектебінде соңғы қоңырау соғылды
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда  «Ұстаз» мектебінің алғашқы түлектері оқуларын аяқтады. Бұл білім ошағы  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жанынан құралған. 

Бір ерекшелігі аталған мектеп педагогика саласына ниет еткен ер балаларға ғана арналған. Яғни, ұл балаларды мұғалімдікке даярлайды.  Бүгін осы білім ошағында соңғы қоңырау шарасы өтіп,  университет ұжымы мен ата-аналар түлектерге сәт-сапар тіледі. 

Ұлдарға арналған «Ұстаз» мектебінде соңғы қоңырау соғылды

 «Ұстаз» мектебінің қоғам үшін де, мемлекет мүддесі үшін де орны ерекше екенін айта кетіп, бүгінгі түлектерді шын жүрекпен құттықтаймын. Алда тұрған емтихандардан сүрібей өтіп, қалаған мамандықтарыңыздың иесі болуға тілектестік білдіремін, - деді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Нұрмұханұлы. 

Ұлдарға арналған «Ұстаз» мектебінде соңғы қоңырау соғылды
Ұлдарға арналған «Ұстаз» мектебінде соңғы қоңырау соғылды

Ұлдарға арналған мектеп осыдан екі жыл бұрын ашылған. Балалардың барлығы Атырау облысындағы аудандардан келген. Университет оларды тегін жатақханамен де қамтыған. Оқулары да тегін. Бастысы балалар мұғалімдіктің қыр-сырын меңгеріп шығады екен. Мұғалімдердің айтуынша мұндағы оқушылар республикалық сайыстардың жеңізпаздары, жан-жақты, білімді жастар. 

Ұлдарға арналған «Ұстаз» мектебінде соңғы қоңырау соғылды
Ұлдарға арналған «Ұстаз» мектебінде соңғы қоңырау соғылды

Алпыстан астам оқушының 38-і оқуларын аяқтап жатыр.  Түлектердің арасынан 8 оқушы «Алтын белгіге» үміткер және 2 оқушы «Үздік аттестатқа» лайықты деп танылған. Соңғы қоңырау шарасынан кейін оқушылар университет ауласына көшеттер отырғызды. 

Ұлдарға арналған «Ұстаз» мектебінде соңғы қоңырау соғылды
Ұлдарға арналған «Ұстаз» мектебінде соңғы қоңырау соғылды
Өзгелердің жаңалығы