Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін ТЖД қызметкері қызметінен төмендетілген

Аян Кемпіров сотта оқиға болған күні бөлімше командирі болғанын, алайда кейін басқа өрт сөндіру бөліміне ауыстырылып, өрт сөндіруші қызметіне төмендетілгенін айтты.

27 Тамыз 2026, 12:15
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Гүлжан Раманқұлова 27 Тамыз 2026, 12:15
27 Тамыз 2026, 12:15
99
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Гүлжан Раманқұлова

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты сот отырысында оқиға орнына, яғни ғимараттың опырылған жеріне тікелей барған ТЖД қызметкері Аян Кемпіров жауап берді. Жауап алу барысында ол оқиғадан кейін қызметі төмендетілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға кезінде Кемпіров бөлімше командирі қызметін атқарған. Қазір, оның сотта айтуынша, өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.

Қазір – өрт сөндірушімін, осы оқиғаға байланысты қызметімді төмендетті. Оқиға болған күні бөлімше командирі болдым, – деді куәгер.

Сонымен қатар оның айтуынша, өзіне қатысты жеке тәртіптік іс жүргізілмеген.

Сотта кадрлық шешімнің қандай негізде қабылданғаны да нақтыланды. Кемпіровтің айтуынша, оған рапорт жазу ұсынылған, содан кейін басқа бөлімге ауыстырылған.

Бұйрық бойынша рапорт жазуымды айтты. Басқа бөлімге ауыстырылдым, – деді ол.

Қорғау тарапының қызметінің төмендетілуі ТЖД басшылығы оның әрекетінен қандай да бір заңбұзушылықтар анықтады дегенді білдіре ме деген сұрағына куәгер жауап бере алмады.

Білмеймін, ештеңе айта алмаймын, – деді Кемпіров.

Ол өзі жазған рапорттың мазмұнына қатысты да пікір білдірмеді.

Айта кетейік, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап, бірнеше адам зардап шеккен. Оқиға кезінде жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды.

Еске салайық, бұған дейін Ұлдана Мырзуан ісіне қатысты өрт сөндіруші сотта жауап бергені хабарланды

Наверх