Ұландықтар талмасы ұстап қалған адамды құтқарды

21 Желтоқсан 2021, 21:00
1327
Бөлісу:
Ұландықтар талмасы ұстап қалған адамды құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұландықтар талмасы ұстап қалған ер адамды құтқарды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

Елорданың Гёте көшесінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетіп жүрген әскери жасаққа бір балақай жүгіріп келіп, жанар-жағармай құю бекетінде ер адамның құлап жатқанын айтады. Жасақ бастығы қатардағы Нұрбол Ілиясов қарамағындағы патрульдер Шыңғыс Дінислам мен Ноян Сатайды ертіп, дереу жапа шегушіге көмекке келеді, - делінген хабарламада.

Сарбаздар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиюға көмектеседі. Жасақ жетекшісі науқастың денсаулығына алаңдап, жедел жәрдем шақырады да, олар келгенше оның жағдайын бақылап отырады. 

Ұландық жауынгерлер науқасты оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне табыстайды.

Өзгелердің жаңалығы