Ұланбатырда Қазақстан жайлы көрме ашылды

3 Қыркүйек 2021, 22:10
3230
Бөлісу:
Ұланбатырда Қазақстан жайлы көрме ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия астанасының Д. Нацагдорж атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30-жылдығы мен Конституциясы күніне арналған «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» атты фотокөрме ашылды.

Ұланбатырда Қазақстан жайлы көрме ашылды

Экспозиция Қазақстан туралы, оның ішінде еліміздің тәуелсіздіктің 30 жылдығында қол жеткізген жетістіктері, әлемдік аренадағы рөлі мен мәртебесі, мәдениеті, көркем табиғаты мен заманауи сәулеті бар елордасы Нұр-Сұлтан жөнінде  мағлұмат береді.

Ұланбатырда Қазақстан жайлы көрме ашылды

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларға тұрақты дамуды, ұлтаралық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге, қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған халықаралық ірі іс-шаралар, мемлекеттің сыртқы саясаты мен құқықтық жүйесі туралы фото-материалдар көрсетілді.

Ұланбатырда Қазақстан жайлы көрме ашылды

Қазақстан Елшісі Жалғас Әділбаев тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті құрудағы тарихи рөлі, әділетті қоғам құру мен халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастаған реформалары туралы қысқаша айтып өтті.

Ұланбатырда Қазақстан жайлы көрме ашылды

Көрмеге мәдениет саласының өкілдері, кітапхананың оқырмандары мен қызметкерлері, сондай-ақ Моңғолия астанасының қалың жұртшылығы қатысып, іс-шараға қызығушылық танытты.

Ұланбатырда Қазақстан жайлы көрме ашылды

Өзгелердің жаңалығы