Ұланбатырда Қазақстан достары клубының кездесуі өтті

2 Желтоқсан 2021, 08:53
1245
Бөлісу:
Ұланбатырда Қазақстан достары клубының кездесуі өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Қазақстан достары клубының кезекті отырысын өткізді. 

Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері саясаткерлер, ғылыми зиялы қауым мен қазақ диаспорасының өкілдері, сарапшылар, жазушылар мен Моңғолияның беделді тұлғалары қатысты.

Ұланбатырда Қазақстан достары клубының кездесуі өтті

Қазақстан достары клубының мақсаты Моңғолия азаматтарының арасынан Қазақстанға қызығушылық танытқан бастамашыл азаматтарды біріктіру және моңғол халқына қазіргі Қазақстанның даму бағдары жөнінде сенімді ақпаратты жеткізумен қатар көшпелі халықтар арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру болып табылады.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Жалғас Әділбаев Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қол жеткізген жетістіктерін, экономикалық прогресті, қоғамдық дамуды, халықаралық қауіпсіздік архитектурасындағы белсенді рөлін атап өтті.

Ұланбатырда Қазақстан достары клубының кездесуі өтті

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Клуб мүшелеріне еліміздің тұрақты дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауының іске асырылу барысы жөнінде мағлұмат берді.

Ұланбатырда Қазақстан достары клубының кездесуі өтті

Ж.Әділбаев Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сенім мен құрметтің жоғары деңгейін ескере отырып, екіжақты қарым-қатынастарды нығайту игілігі үшін өзара мүдделерді ілгерілету және екі мемлекеттің қоғамдары арасындағы диалогты қалыптастыру бойынша күш-жігерді біріктіру қажеттілігін атап өтті. Осылайша, Елші ғылыми, мәдени, әдеби және басқа да жобаларды іске асыру нәтижесінде Қазақстан мен Моңғолия халықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, Достар клубы «алтын көпір» қызметін атқара алады деген сенімін білдірді.

Ұланбатырда Қазақстан достары клубының кездесуі өтті

Іс-шарада Моңғолияның III Президенті Намбар Энхбаяр сөз сөйлеп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлан Назарбаевтың болашаққа бағытталған көреген саясатының арқасында Қазақстанның қарқынды экономикалық дамуға, елдің өркендеуіне және әлемдік қоғамдастыққа танылуына қол жеткізгенін айтты. Сонымен қатар, Н.Энхбаяр еліміздің қазіргі Президенті Қ.Тоқаев өзінің әріптесі таңдаған бағытын дәйекті түрде жалғастыруда екенін, Қазақстанды әлемдік экономикаға ілгерілету үшін сабақтастықты қамтамасыз етумен қатар жүйелі реформалар жүргізіп отырғанын ерекше атап өтті.

Моңғол саясаткері көлік, логистика және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажеттілігінің өзектілігімен келісті.

Бұдан басқа, іс-шара барысында республикамыздың серпінді өзгерістерін, егеменді ел ретіндегі тарихи даму жолын, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық сахнадағы табыстарын көркемдейтін  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның соңында Қазақстан достары клубының келешегі, сондай-ақ шығармашылық кештер, көрмелер мен семинарлар ұйымдастыру арқылы  бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы пікір алмасу болды. Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның достар клубының отырыстарын тұрақты негізде өткізу туралы бірауыздан ұстанымдарын білдіріп, Қазақстан мен Моңғолияның достық қарым-қатынастарының игілігі үшін жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады.

Өзгелердің жаңалығы