Ұланбатырда карантин шаралары ұзартылды

23 Наурыз 2021, 20:07
1415
Бөлісу:
Ұланбатырда карантин шаралары ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның Мемлекеттік төтенше комиссиясының отырысында ел астанасында даярлықтың «қызғылт сары» деңгейін 29 наурыз бен 5 сәуір аралығына дейін ұзарту жөнінде шешім қабылданды. Бұл туралы жергілікті МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.

Жиын соңында Моңғолияның вице-премьері, комиссия төрағасы С.Амарсайхан бұл мәселе елдің министрлер кабинетінің бүгінгі кезекті отырысында ұсынылып, соңғы шешім сол жиында қабылданатынын мәлімдеді. 

Аталған комиссия соңғы бірнеше күнде Ұланбатырда коронавирусқа шалдығу санының көбеюіне байланысты даярлықтың «қызғылт сары» деңгейі режимін жалғастыруды жөн деп санады. Бұл ретте өндірістік және қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіп, жекеменшік кәсіпорындардың санитарлық-эпидемиологиялық шараларды міндетті сақтауына қатысты арнайы кеңес әзірлеу жоспарланған. 

COVID-19 вирусына шалдығу санының артуына қарамастан комиссия коронавирустың жеңіл белгісі бар науқастарға емдеу, үйде оқшаулау, көшпелі медбригада жұмысын жалғастыруды және жекелеген карантинді енгізуге қатысты қабылданып отырған шараларды жалғастыруды жөн деп санайды.

Бүгінгі таңда Моңғолияда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 5392-ге жетті.

Өзгелердің жаңалығы