Украинаға Moderna вакцинасының алғашқы легі жеткізілді

18 Шілде 2021, 16:45
2776
Бөлісу:
Украинаға Moderna вакцинасының алғашқы легі жеткізілді

Алматы, BAQ.KZ. БҰҰ-ның Балалар қоры Украинаға америкалық Moderna компаниясы шығарған вакцинаның 2 млн дозасын жеткізді. Бұл туралы 18 шілде күні ЮНИСЕФ хабарлады.

Коронавирусқа қарсы бұл вакцина алдымен ұжым арасында құрылған мобильді бригадаар мен кәсіби топтарға салынады деп жоспарланған.

Біздің басты міндетіміз украиналықтардың басым көпшілігін COVID-19-дан сақтап қалу. Бұл бағытта бізге көмектесіп жатқан серіктестерімізге алғыс айтамыз. Вакцина алғысы келетін халық үшін вакцинаны күн сайын көбейтіп жатырмыз. Әлі екпе алмаған украиналықтарды уақыт оздырмай вакцина алып, денсаулығын сақтауға шақырамын, -деді елдің Денсаулық сақтау министрі Виктор Ляшко.

Өзгелердің жаңалығы