Украинадағы жағдайға Қазақстан қалай көмектесе алады? – Қошанов жауап берді

2 Наурыз 2022, 12:46
1336
Бөлісу:
Украинадағы жағдайға Қазақстан қалай көмектесе алады? – Қошанов жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысынан кейін палата спикері Ерлан Қошанов Украинадағы жағдайға қатысты пікірін білдірді.

Украина мен Ресей – біздің бауырлас елдер. Әрине, ортақ мәдени байланысымыз бар екі ел халықтарының жағдайын бақылау, қан төгіліп, ғимараттар қирап жатқанын көру біз үшін өте ауыр. Қазақстан қалай көмектесе алады? Кеше Мемлекет басшысы бұл туралы хабарлады. Біз делдал бола аламыз, тараптарға қажет болса, келіссөздер жүргізу үшін алаң ұйымдастыра аламыз, - деп айтты Мәжіліс спикері.

Ол санкциялардың салдарын қалай азайтуға болатыны туралы сұраққа жауап берді.

Іс жүзінде жағдай сағат сайын және күн сайын өзгереді, сондықтан оны болжау қиын. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінде Ұлттық банк пен Үкіметке Батыстың санкцияларының Қазақстан экономикасына әсерін барынша азайтуды тапсырды. Бұл мәселе бойынша күн сайын, сағат сайын шаралар қабылданып жатыр, - деп түсіндірді Ерлан Қошанов.

Өзгелердің жаңалығы