Украинадағы жағдай бойынша НАТО саммиті өтеді

25 Ақпан 2022, 10:59
1523
Бөлісу:
Украинадағы жағдай бойынша НАТО саммиті өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәскеу уақыты бойынша 17.00-де Украинадағы жағдай бойынша НАТО-ның шұғыл саммиті өтпек. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байденнің жұмыс кестесінде көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9.00. Президент НАТО-ға мүше елдердің басшыларымен Украинадағы және оның айналасындағы қауіпсіздік мәселесін талқылау үшін бейнеконференция форматында шұғыл саммитте кездеседі, - делінген құжатта.

Келіссөздер жабық форматта өтеді.

Бұдан бұрын АҚШ басшысы Солтүстік Атлантикалық альянстың саммитте әрі қарай өз қызметін нығайту мәселелерін қарастыратынын айтқан. Одан бөлек, кездесуге НАТО-ға мүшелік етпейтін Финляндия мен Швеция шақырылды.

Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпан күні Украинада арнайы әскери операция жүргізуге бұйрық берді. Ресей басшысы Украина аумағын басып алудың Мәскеудің жоспарында жоқ екенін айтқан болатын.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі әскерилердің Украина қалаларына тиіспей, тек әскери инфрақұрылымды істен шығарып жатқанын хабарлаған. Ведомствоның мәлімдеуінше, қарапайым азаматтарға қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Өзгелердің жаңалығы