Украинада COVID-19 салдарынан қайтыс болғандарды бау-бақшада жерлей бастаған

9 Қыркүйек 2021, 12:08
10116
Бөлісу:
Украинада COVID-19 салдарынан қайтыс болғандарды бау-бақшада жерлей бастаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның Львов облысында қайтыс болған адамдарды бау-бақшаға жерлей бастаған.

Бұл туралы Украина 24 телеарнасы хабарлады.

Оқиға облыстағы ауылдардың бірінде болды. Жергілікті тұрғын әрі бау-бақша учаскесінің иесі Ирина Ривактың айтуынша, осы жазға дейін ол өз жерінде жеміс-жидегін жинап, бәрі ойдағыдай болатын. Алайда биыл оның учаскесінде жерленген адамдар табыла бастаған.

Карантин болғандықтан, біз бау-бақшаға бармай жүргенбіз. Сөйтіп, көктемде келдік... Келсек, бізді осындай тосынсый күтіп тұр, - деді ол.

Зираттар пайда бола бастаған учаскелер 1990-жылдары зағип жандарға берілген екен. 2008 жылы бау-бақша иелері кооператив құрып, жекешелендіруді бастап кетті.

Біз жекеменшік құқығын жазда алдық. Ол кезде бұл учаскеде адамдарды жерлей бастапты. Бұл - біздің аумақ. Оны ауыл кеңесі 1992 жылы бізге бөліп берді, - деді кооператив төрайымы Наталья Ониськив.

Ал зират директоры Ярослав Мартынов COVID-19-ға байланысты тығырыққа тірелгенін, қайтыс болғандарды жерлейтін жер табылмағанын айтып, ақталуда.

Өзгелердің жаңалығы