Украина Еуроодақтан қосымша қаржылық көмек сұрады

2 Желтоқсан 2021, 11:53
1560
Бөлісу:
Украина Еуроодақтан қосымша қаржылық көмек сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина ЕО-дан қосымша қаржылық көмек сұрады, деп хабарлады Украинаның мемлекеттік қарызын басқару жөніндегі уәкілетті өкілі Юрий Буца. 

Бұл туралы РИА Новости Блумберг агенттігіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Біз Еуропалық комиссиядан алдағы жылдары тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді макроқаржылық бағдарламаны ресми түрде сұрадық, – деді Буца.

Оның айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленскийдің әкімшілігі Еуроодақпен қаржылық көмек көлемі мен жаңа несие пакетіне қатысты шарттар бойынша келіссөздерді бастап кетті.

Блумберг атап өткендей, қаржылық көмектің жаңа пакеті Украинаның міндеттемелерінің ауқымын ескере отырып, соңғы екі жылда бөлінген 1,2 миллиард еуродан асады.

2020 жылдың қыркүйек айының ортасында Украина президенті Владимир Зеленский Еуропалық Одақпен Киевке коронавируспен күресу үшін 1,2 миллиард еуро көлемінде макроқаржылық көмек көрсету туралы меморандумды ратификациялау туралы заңға қол қойды. 600 миллион еуро көлеміндегі бірінші транш 2020 жылдың желтоқсан айында аударылған. Дәл осындай сомаға екінші транш қазан айында аударылған.

Еурокомиссияның мәліметі бойынша, бірнеше макроқаржылық көмек бағдарламалары аясында берілген ЕО-ның Украинаға қарыздарының өтелмеген сомасы 4,4 миллиард еуроны құрайды.

Өзгелердің жаңалығы